мои мысли / Блоги.Казах.ру — блоги Казахстана, РК
rus / eng / kaz


Любой блог можно сделать коллективным. Для этого надо определенным (или всем) пользователям дать права на запись в него. Можно ставить записям будущее время. Запись будет в черновиках и в указанную минуту автоматически опубликуется. Статья Корпоративные блоги: Как вести? содержит практические советы и примеры
Если у вас уже есть блог в другом месте — можно автоматически транслировать записи из него в нашу блог-платформу СМИ могут копировать в свой блог ленту новостей или статей. Дополнительное внимание и комментарии обеспечены.












мои мысли




Блог suddenthought Автор блога
Лента друзей
Войти Регистрация


Сенің бейнең

Тыныштық. Үнсіз тыныштық. Қандай керемет еді бұл тыныштық. Осы бір сұлу тыныштықты аңсағалы қанша? Иә, жан дүниең демалатындай сәт!
Көзімді жұмғаным сол еді күлімдеген сенің бейнең, сенің бейнең! Ғажап осы бір күлімдеген, жарқын сенің бейнең бір сәт тіптен жақын қасымда тұрғандай. БІРАҚ, алыссың, қашықсың қол жетпейтін сағымсың. Қолымды созғаным сол еді, ЖОҚ! Ғайып болдың сен! Жоғалтып алғаным ба сені? Жоқ, жоғалтқым келмейді сені, кетпеші?! Мейлі, мейлі... сағым бол! Тек қана кетпеші?! Көз алмай қарап тұру мен үшін қандай бақыт, қандай бақыт екенін білсең ғой!
Иә, иә міне осылай күлімдеп бір қарашы маған. Бір сәтке бақытты жандай сезінейін өзімді! Ғажап!
Қап, қайда? Қайда кетті әлгі сенің жарқын бейнең? Құстай ұшып жоғалдың ғой, жоғалды ғой сенің бейнең...
Іздеймін сені, іздеймін. Ғұмырымның соңына дейін іздеймін. Табамын сені. Мен де сенің соңыңнан ұшып барамын.
Жеттім! Жеттім саған менің...
Ғажап өмір қандай керемет! Бәрі де ғажап! Сыймайды менің сезімім ішке. Бақытын сезген тынымсыз жүректе сыймайды кең көкірекке.
Керемет, қобалжиды ау мына жүрек! Қайтсің, басқа, бақыт әлемінде жүр ғой...
Болды басқа ештеңе де керек емес енді. Бүкіл әлемге жар салғысы келеді оның. Бұл тіршілікке риза екенін айтқысы келеді. Ұшып барып айдан да, күннен де сүйінші сұрағысы келеді. Тіпті десең қаншама мың жұлдыздың әр қайсысына барып өзінің бақытты екенін айтқысы келеді. Ну орманға кіріп әрбір талдан емес, талдың әрбір жапырағынан да тыныш ұйқысынан бұзып, мен бақыттымын деп жар салуға әзір. Анау асқар Алатаудың биік шыңына да шығып кетер ме еді? Оу, құдіретті күш...!
Осы бір ұлы сезімді сезінудің өзі бақыт қой!
Міне, міне жақындашы, аш құшағыңды кіріп кетейін. Даярмын мен, ашшы жылы құшағыңды....
Ғажап!
Қайда? Қайда? Қайда кетті сенің жарқын бейнең, сенің бейнең...

Осы бір ұлы сезімді сезінгенім үшін Аллаға ризашылығымды білдіремін!

Өмір атты асау дария да адаспай, өз ағымыңмен жүріп, жағаны табуыңды әрқашан Ұлы Жаратушымыздан сұрайтын болармын, менің адал, пәк, лүпілдеген жұмыр жүрегімдегі асау сезім иесі.